Ағза ауыстыруға кезек күткендер көбейді – сенатор

886

Сенатор Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы трансплантологияның дамуын тежейтін себептерді айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ағза ауыстыруға кезек күткендер көбейді – сенатор

Оның айтуынша, ағзаларды трансплантациялау кезегі баяу жылжып жатыр, ал трансплантацияға мұқтаж пациенттердің саны өсіп барады.

2012 жылдан бастап Қазақстанда органдарды ауыстыру бойынша 2 мыңға жуық операция жасалды. Бүгінгі таңда трансплантацияны күту тізімінде 3 300-ден астам адам, оның ішінде 105 бала бар.

Кейінгі тоғыз жыл ішінде елімізде балаларға 118 бүйрек трансплантациясы жасалды, оның 77%-ына туыстары донор болған.

"Елімізде трансплантологияның дамуын тежейтін негізгі себептерге қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, донорлық стационарлардың төмен материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалмауы жатады", – деді Әлназарова.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу