"Облыс әкімінің орынбасары қызметінен кету туралы маңызды және саналы шешім қабылдадым. Бұл қызметте жұмыс істеу мен үшін аса үлкен жауапкершілік және абыройлы іс болды", - деп жазды Димитрий Гариков әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Димитрий Александрович Гариков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1998 жылы Семей құрылыс техникумын, 2000 жылы Д. Серікбаев атындығы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген.
Бородулиха ауданы Бородулиха ауылының "Тұрмыс қызметі" АҚ-да от жағушы, Бородулиха МАЗС-да оператор болды.
Кейін Бородулиха ауданы әкімі аппаратының бас маманы; Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылында жанар-жағармай құю бекетінің меңгерушісі; "Коммуналдық шаруашылық" мемлекеттік коммуналдық көпсалалы кәсіпорнының бастығы; Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; "ШҚО Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы; Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары; "ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысы қызметтерін атқарды.
Бұдан бөлек, Курчатов қаласының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы, Семей қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.