Обал-ай! Абай облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

170

Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды. 

Обал-ай! Абай облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірді Фото: видео скриншот

Абай облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен Toyota жүргізушісі ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

23 қыркүйек күні Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлігінің жүргізушісі Бозтаев көшесімен Селевин көшесіне қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағымен өтпек болған қызды қағып кетті.

Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды.

"Аталған факті бойынша көлік құралдарын басқару немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қылмыс фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады жергілікті полиция қызметі. 

Тергеу барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу