АХАТ органдарының функциясы ХҚКО-ларға беріледі

612

Жақында үйленгісі келетін қазақстандықтар неке қиюға өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында беретін болады. 

АХАТ органдарының функциясы ХҚКО-ларға беріледі Фото: gov.kz

Өйткені, азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарының функциялары соларға өтеді. Осылайша, неке қиюдан бөлек, баланың туу туралы куәлігі мен азаматтың өлімі туралы куәліктер де ХҚКО-ларда рәсімделмек.

Билік бұл шешімді барлық мемлекеттік қызметтерді 1 жерден алу қажет,- деп түсіндірді. Бірақ, АХАТ органдары жойылмайды, оларға белгілі бір өкілет беріледі. Алайда, хал актілерін тіркеу органдарының қызметкерлері бұл өзгерістерге қарсы екенін айтады, өйткені бұл заң алдындағы жауапкершілік пен құжаттарды дайындаудағы сауаттылықты қажет ететін жұмыс, сондықтан сырттан келген адамдар оны істей алмайды,- деп шағынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу