АХҚО Әбу Дабидің қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді

859

АХҚО халықаралық биржасы (AIX) ұсынатын қызметтер таныстырылды. 

АХҚО Әбу Дабидің қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді

"Астана" халықаралық қаржы орталығы мен "Kazakh Invest" ҰК АҚ өкілдерінен құралған бірлескен делегация Әбу Дабиде Әмірліктердің бірнеше ірі қаржы институттарымен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерінің Орталық банкі басқарушысының орынбасары Сейф әш-Шамсимен, Abu Dhabi Global Market Қаржылық қызметтерді реттеу агенттігінің Атқарушы директоры Ричард Тенгпен, сондай-ақ Әбу Даби Сауда Банкі мен Әл-Хиләл банкі басшыларымен келіссөздер жүргізілді. 

Кездесулер барысында қазақстандық тарап АХҚО-да қатысушылар үшін қамтамасыз етілген жағдайлар мен 2019 жылдың қорытынды есебі туралы ақпарат берді. Оның ішінде қаржы алаңының ағылшын құқығына негізделгенін, үздік халықаралық тәжірибе негізінде жасалған тәуелсіз реттеу ортасы қалыптасқанын жеткізіп, АХҚО халықаралық биржасы (AIX) ұсынатын қызметтер таныстырылды. 

Әмірліктер қаржы институттарының өкілдері АХҚО қызметіндегі ислам қаржыландыруы, активтерді басқару, қор нарығы секілді негізгі бағыттарының белсенділігіне жоғары баға берді. Сондай-ақ, қаржылық технологияларды игеру және оны реттеу саласының болашағы зор екені, осы ретте, Орталық ұсынған көптеген өзара тиімді әріптестік жолдары терең зерделенетіні айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу