АХҚО алдағы бес жылда бюджетке алақан жаюдан құтылуды көздеп отыр

824

АХҚО алдағы бес жылда бюджетке алақан жаюдан құтылуды көздеп отыр

"Астана" халықаралық қаржы орталығы үш жылдай бюджет есебінен қаржыландырылады. Осылайша, үш жылда орталық қызметін ұйымдастыруға және жүргізуге 60 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

"Барлық қаржы көздері арқылы орталық жұмысына жыл сайын шамамен 20 млрд теңге бөлінеді. Биылғы бюджетте дәл осы көлемдегі сома қарастырылған. Орталық алдағы үш-бес жылдың ішінде өзін-өзі ақтайды деп күтілуде. Осылайша, бюджеттен бөлінетін қаржы да біртіндеп азая бермек", – деді Қайрат Келімбетов.

АХҚО басқарушысының сөзіне сенсек, орталық алдағы бес жыл ішінде кем дегенде 3-5 млрд АҚШ долларын тартуға тиіс. Ал 10 жылдан кейін АХҚО арқылы Қазақстанға 40 млрд долларға жуық қаржы тартылмақ. Бұған жекешелендіру шарасы да өз үлесін қосады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу