АХҚО ауыл шаруашылығына ислам қаржысын тартпақ

1008

Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымы елдерінен ауыл шаруашылығы жобаларына инвестиция тартуды жоспарлап отыр. 

АХҚО ауыл шаруашылығына ислам қаржысын тартпақ

"Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Тамақ өнеркәсібі халықаралық ислам қауымдастығымен (IFPA) қазақстандық ауыл шаруашылығы жобаларына ислам қаржысын тарту саласында ынтымақтастық орнатты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Astana Finance days аясында АХҚО басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов, АХҚО Инвестициялар бойынша директоры Джеймс Мартин Тамақ өнеркәсібі халықаралық ислам қауымдастығы бас директоры Шейх Билал Хан Қазақстанның ауыл шаруашылық жобаларына ислам қаржысые тарту саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бұл меморандум ислам қаржысын тартуда қос тарап арасында сенімді нығайтады.

Келісім Ислам ынтымақтастық ұйымының 57 елінің нарығына ислам инвестиция құралдарын, ислам қаржысын,
исламдық қор, шариғат бойынша құрылымдау, Сукук листингін тарту нәтижесінде Қазақстан ауыл шаруашылығы жобаларының сапалы және тұрақты дамуына қолдау көрсетуді көздейді.

Меморандум "бір терезе" принципін құру үшін АХҚО құрылымдық бөлімшелері мен органдарын тартуды да қарастырады.

Тамақ өнеркәсібі халықаралық ислам қауымдастығы бас директоры Шейх Билал Хан бұл құжатқа қол қойғанына қуанышты екенін жеткізді.

"Осылайша, қос ұйым арасында ынтымақтастықтың негізі қаланды. Тиімді серіктестіктің арқасында IOFS бас штаб-пәтері және басты орган G2G және Ислам ынтымақтастық ұйымының негізгі мүшесі

Қазақстан жалпы ішкі өнімін ауыл шаруашылық жобалары арқылы өсіру әлеуетін пайдалана алады, әрі ислам қаржысын тарту, исламдық қор түріндегі тікелей инвестиция тартуға мүмкіндік туады", - деді бас директор.

АХҚО Инвестициялар бойынша директоры Джеймс Мартин бұл
келісім Ислам ынтымақтастық ұйымы, оның ішінде Парсы шығанағы елдері, БАӘ, Катар мен Сауд Арабиясы нарығынан инвестиция тартуға жол ашатынын айтты.

"Меморандум Қазақстанның мүддесі үшін уақытылы ақпарат
алмасуға және ауыл шаруашылық жобаларын дамыту бойынша ұлттық инвестициялық стратегияны іске асыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді", - деді Джеймс Мартин.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу