АХҚО биржасы Еуропа-Азиялық қор биржалары федерациясына мүше болды

1297

AIX басқарма төрағасы Тим Беннеттің айтуынша, осы мүшелікке қол жеткізу арқылы AIX федерацияның Еуропа-Азия өңіріндегі капитал нарықтарын дамытуға, қолдауға және ілгерілетуге әрі ынтымақтастыққа өз үлесін қосуға қатысты көзқарасы мен миссиясын қолдайды. 

АХҚО биржасы Еуропа-Азиялық қор биржалары федерациясына мүше болды

"Астана" халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) Еуропа, Азия және Жерорта теңізі алабының 33 мүшесін біріктіретін Еуропа  – Азиялық қор биржалары федерациясының толыққанды мүшесі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Федерацияның мақсаты мен миссиясы – Еуразия өңірінің (Еуропа, Азия, Жерорта теңізі алабы) капитал нарықтарын дамытуға, ілгерілетуге және олардың ынтымақтастық орнатуына жәрдемдесу. Бұл ұйымның мүшесі болу AIX үшін бизнесті қолдау, тренингтер мен вебинарлар, зерттеулер мен жарияланымдар арқылы білім алмасу, PR қолдау, FEAS ConFEAS флагмандық іс-шараға қатысу сияқты FEAS артықшылықтарын алуға мүмкіндік

AIX басқарма төрағасы Тим Беннеттің айтуынша, осы мүшелікке қол жеткізу арқылы AIX федерацияның Еуропа-Азия өңіріндегі капитал нарықтарын дамытуға, қолдауға және ілгерілетуге әрі ынтымақтастыққа өз үлесін қосуға қатысты көзқарасы мен миссиясын қолдайды.

"Бұл капитал нарықтарын кеңейту және тереңдету, капиталға қолжетімділік беруге арналған қауіпсіз әрі сенімді платформаны қамтамасыз ету және Қазақстан мен өңір ішінде және одан тыс жерлерде инвестициялау мүмкіндіктерін қамтитын AIX тұжырымдамасына сәйкес келеді", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу