АХҚО биржасындағы сауда-саттықтың алғашқы екі күні табысты өтті

1223

"Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы 2018 жылдың 14-15 қараша аралығындағы сауда-саттық қызметінің нәтижесі туралы хабарлады.

АХҚО биржасындағы сауда-саттықтың  алғашқы екі күні табысты өтті

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жай акциялар сауда – саттығының алғашқы екі күнінде AIX – тің жеті брокер-сауда мүшелері жалпы сомасы 887,6 млн теңгеге жалпы саны 188 мың 258 акциямен 780 мәміле жасады.

16 қарашада пост-трейдинг жүйесінде (AIX CSD) 503,3 млн теңге сомасына және 105 мың 716 дана акциялардың жиынтық саны бойынша сауда-саттықтың бірінші күнінің мәмілелері бойынша есеп айырысулар сәтті жүзеге асырылды.

Freedom Finance және CICC Брокерлік компаниялары сатып алушылар үшін де, сатушылар үшін де өтімділікке кепілдік бере отырып, "Қазатомөнеркәсіптің" жай акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарының (қазіргі уақытта олар бойынша шартты сауда-саттық өтуде) баға белгіленімдерін қолдады.

"АІХ сауда жүйесі мінсіз жұмыс істеуде, бұл – АІХ тобының соңғы тоғыз айда жүргізген тиянақты дайындығының нәтижесі. Маркет-мейкерлердің қатысуы жеке инвесторларға олар ІРО-ға қатыспаса да, "Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді", - дейді Тим Беннет АІХ басқармасының төрағасы.

Осыған дейін хабарлағандай, 14 қарашада биржада ҚР қаржы министрлігінің еурооблигациялары сәтті орналастырылды. Бағалы қағаздарды сатуға өтінімдердің болмауына байланысты  осы бағалы қағаздармен сауда-саттық тіркелмеді.

"Еурооблигацияларды шығаруға қатысқан инвесторлар бағалы қағаздардың ұзақ мерзімді иелері екенін түсінеміз, бұл қысқа мерзімді келешекте сауда-саттықтың шектеулі болатынын білдіреді", - деді Тим Беннет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу