АХҚО-да цифрлық сот жүйесі іске қосылды

856

Бұл туралы бүгін елордада бастау алған халықаралық инвесторлар апталығында мәлім болды.  

АХҚО-да цифрлық сот жүйесі іске қосылды

Астана халықаралық қаржы орталығында цифрлық сот жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Аtameken Business.

Арбитражды орталық аппаратының басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холттың айтуынша пандемия кесірінен біршама қиындықтар туындаған. Соған сәйкес, күнделікті жұмыс барысын жаңа форматқа ауыстыруға тура келген. Қазір сот процесі цифрлық форматта іске қосылған. Онда барлық құжаттар онлайн түрде қабылданып, сот тыңдалымдары бейне бақылау арлықы жүргізіледі. Инвесторлар өтініші 24 сағат көлемінде қабылданады. Жүйе тиімділігін арттыру үшін әлемдік тәжірибеге ие 193 заңгер жұмыс істеуде. Ал қызметтердің барлығы 2022 жылға дейін тегін жүргізілмек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу