АХҚО-да ислам құнды қағаздары айналымға шығарылады

772

АХҚО-да ислам құнды қағаздары айналымға шығарылады

Жыл соңына дейін "Астана" халықаралық қаржы орталығында ислам құнды қағаздары эмиссияланады. Бұл туралы бүгін Astana Finance Days жиыны барысында үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Премьер-министрдің айтуынша, шымылдығы түрілгелі тұрған орталық Батыс Қытай, Моңғолия және Еуропа елдері арасындағы қаржы-экономикалық көпіріне айналады. Сонымен қатар Еуразияның келешегі зор нарықтарына шығу мүмкіндігін ұлғайтады.

Қаржы орталығына қатысушылардың қатарында Ислам банкінің алар орны ерекше. Келешекте "Астана" халықаралық қаржы орталығы ислам қаржыландыруының аймақтық хабына айналмақ.

"Бүгінде халықаралық қаржы орталығының жұмысын жүйелендіретін бірегей тетік әзірленді. Біздің бірінші қадамымыз елдегі ірі ұлттық компаниялардың акцияларын биржаға орналастыру бағытында болмақ. Халықаралық нарыққа "Эйр Астана" әуе компаниясы, "ҚазАтомӨндіріс" және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамдарын шығаруды жоспарлап отырмыз. Ал 2020 жылдың соңына дейін "Қазақстан темір жолы", "ҚазМұнайГаз", "Самұрық-Энерго", "Қазпошта", "Тау-кен Самұрық" және "Қазақ Эйр" компаниялары ұсынылады. Бұл инвесторларға таптырмас мүмкіндік болмақ. Осы мақсатта күні кеше жалпы құны 4,8 млрд АҚШ доллары болатын 30 коммерциялық құжатқа қол қойылды", - дейді үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу