АХҚО-дағы криптобиржалар банктермен байланыс орната бастады

673

Жоба пилоттық режимде 2022 жыл бойы жұмыс істейді деп күтілуде.  

АХҚО-дағы криптобиржалар банктермен байланыс орната бастады

"Астана" халықаралық қаржы орталығына тіркелген криптобиржалар отандық банктермен байланыс орната бастады. Дәлірек айтсақ, фиат шоттарына шығару арқылы крипто транзакцияларға қатысты процестерді пысықтауда. 

"Жоба пилоттық режимде 2022 жыл бойы жұмыс істейтін болады. Оған АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) цифрлық активтер платформасын басқаруға лицензиясы бар криптобиржалар қатысады. Мақсат – банктермен ынтымақтастық орнату", – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта Binance биржасымен жұмыс жүргізілуде. Ол АХҚО-ға өткен жылдың қазанында тіркелген болатын. 

Ғалия Әділ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу