АХҚО екі жылдың ішінде 2,5 млрд доллар инвестиция тартқан

830

Ал жыл басынан бері биржаға 216 млн доллар қаржы салынды.

АХҚО екі жылдың ішінде 2,5 млрд доллар инвестиция тартқан

"Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетовтың сөзінше, 2018-2019 жылдар аралығында биржа платформасы арқылы жалпы сомасы 2,5 млрд доллар инвестиция тартылған. Оның ішінде 2 млрд доллар қарыз капиталы мен 216 млн доллар акционерлік капитал бар. 

"АХҚО биржасының платформасы арқылы "Казатомөнеркәсіп" IPO-ға шықты. Сәйкесінше  129 млн доллар инфестиция тартылды. Ірі коммерциялық банк – Халық  банк IPO-сы өтті. Бұл да биржа платформасы арқылы жүзеге асырылып, 66 млн доллар қаржы алып келді. Осы уақытқа дейін Лондонда листингтелген ресейлік "Полиметалл" тау-рудалық компаниясы біздің платформа арқылы 20 млн  доллар инвестиция алып келеді",– деді Қайрат Келімбетов. 
Сонымен қатар АХҚО басқарушысы бір жылға толмайтын уақыт ішінде биржа 216 млн доллар инвестиция тартқанын айтты. 

"Бұл Қазақстандағы инвестиция портфелінің аясында жалпы соңғы үш жылдағыдан жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар 134 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Осы шетелдік компаниялар АХҚО биржасына үш жылда 3,5 млрд доллар қаржы салатындарын хабарлаған. Яғни жалпы мемлекеттің шығыны мен инвестицияларды есептесек, салынған қаржы көлемі басым", – деді АХҚО басқарушысы.

Сонымен қатар Қайрат Келімбетов алдағы үш жылда АХҚО-ға мемлекет тарапынан берілетін бюджет көлемі 10-11 млрд теңгені құрайтынын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу