АХҚО ITS сауда алаңының миноритарлық акционері атанды

Бұл биржаның еншілес ұйымы арқылы жүзеге асырылды. 

АХҚО ITS сауда алаңының миноритарлық акционері атанды Фото: Aifc.kz

 "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) өзінің еншілес ұйымы арқылы 2023 жылдың маусым айында ашылған ITS сауда алаңының 10 пайызына иелік ете бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

"AIFC Markets Limited, "АХҚО Әкімшілігі" АҚ еншілес ұйымы, International Trading System Limited компаниясының миноритарлық акционері болып табылады. AIFC Markets Limited ITS акцияларының 10% иеленеді", - деп жазылған хабарламада.

АХҚО ITS көпжақты сауда алаңын басқару үшін Қаржы қызметтерін реттеу комитетінен MTF (Operating a Multilateral Trading Facility) лицензиясын алған алғашқы компания екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында орналасқан ITS жаңа халықаралық сауда алаңы Қазақстанда маусым айының басында жұмысын бастады. Платформа ресейлік брокерлермен және бағалы қағаздармен жұмыс істемейді.

Бірінші кезеңде инвесторлар NYSE және NASDAQ биржаларында Америка Құрама Штаттарында тізімделген 1500-ден астам акциялар мен депозитарлық түбіртектерді саудалай алады.

Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының ең ірі кәсіби қатысушылары – АХҚО-да аккредиттелген де, тікелей тіркелген қаржылық делдалдар ITS-тің тікелей клиенттері бола алады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар қазақстандық брокерлер мен банктер арқылы сауда жасауға мүмкіндік алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу