АХҚО мен Абу-Даби Глобал Маркет меморандумға қол қойды

946

АХҚО мен Абу-Даби Глобал Маркет меморандумға қол қойды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) жасаған ресми сапары аясында БАӘ астанасындағы еркін сауда орталығында болды, онда Абу-Даби Глобал Маркет (АГДМ) қаржы орталығы мен "Астана" Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Ынтымақтастық пен түсіністік меморандумына қол қойғанын мәлімдеді.

"Қол қойылған құжат қаржылық, оның ішінде банктік қызмет, құнды қағаздар рыногі мен қаржы рыногін реттеу және дамыту бойынша тәжірбие алмасуға ықпал етеді деп жоспарланып отыр", делінген Қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов Дубай Халықаралық қаржы орталығы басқарушысы Иса Казым, Дубай ислам экономикасын дамыту орталығының Бас атқарушы директоры Абдулла Мохаммад аль-Ауаар, Calatrava International компаниясының Бас директоры Микаэл Калатравамен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Кездесулер мен келіссөздердің нәтижесінде АХҚО мен аталған ұйымдардың арасында екіжақты Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Қол қойылған келісімдер ислам экономикасы мен қаржы саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай жандандыра түседі деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу