АХҚО мен СІМ ынтымақтастықтың жол картасын қабылдады

1046

Бұл құжат ақпараттық-имидждік іс-шараларды өткізуді, АХҚО-ның одан әрі дамуы үшін сыртқы саяси ведомствосының барлық құралдарын қолдану арқылы оның халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-әрекеттердің жүзеге асырылуын көздейді.

АХҚО мен СІМ ынтымақтастықтың жол картасын қабылдады

"Астана" ХҚО қызметіне шетелдік әріптестерді белсенді тартудың жолдарын талқылау мақсатында сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов пен "Астана" Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетовтің кездесуі өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Екі құрылымның басшылығы мен жауапты қызметкерлері АХҚО-ны халықаралық аренада әрі қарай ілгерілету жоспарын және ҚР шет елдердегі мекемелері мен Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпуспен алдағы жылдарға арналған өзара іс-қимыл жасасудың нақты бағыттарын белгіледі.

Қайрат Келімбетов сыртқы саяси ведомствоның АХҚО-ның қалыптасуы кезінде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіре отырып, қазақстандық дипломаттардың орталықты дамытудағы елеулі рөлін атап өтті. Сонымен қатар, ол кездесуге қатысушыларды АХҚО қызметінің ағымдағы жағдайы, АХҚО биржасын дамыту және басқа да мәселелер бойынша хабардар етті.

Кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтар орталықты дамыту және ілгерілету жөніндегі сыртқы істер министрлігі мен АХҚО-ның ынтымақтастық Жол картасына қол қоюмен бекітілді. Бұл құжат ақпараттық-имидждік іс-шараларды өткізуді, АХҚО-ның одан әрі дамуы үшін сыртқы саяси ведомствосының барлық құралдарын қолдану арқылы оның халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-әрекеттердің жүзеге асырылуын көздейді.

Атап айтқанда, Жол картасы шеңберінде Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері үшін АХҚО-ның қызметі туралы брифингтер өткізіледі; бірлескен медиа-жоспар әзірленеді; жаңа ғаламдық қатысушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізу қарастырылған. "e-Resident" жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік азаматтарға ЖСН, ЭЦҚ және "АХҚО электронды резиденті" картасын беру үшін шетелдік азаматтарды сәйкестендіру тәртібін бірлесе әзірлеу және оны енгізу жұмыстың бөлек бағыты ретінде белгіленбек. Орталықтың шетелдік қызметкерлерін визалық қамтамасыз ету және олардың Қазақстанда болуын реттеу мәселелері де назардан тыс қалмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу