Ресейге іссапармен барған ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазанда "Wildberries" халықаралық интернет дүкенінің бас директоры Татьяна Бакальчукпен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесуде компанияның Қазақстанда сауда-логистикалық орталықтарды салу және бизнесті кеңейту жөніндегі жоспарлары талқыланды.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен "Wildberries" компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, АХҚО қатысушысы ретінде "Wildberries" тіркелу туралы сертификат берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу