Биыл 5 шілдеде "Астана" халықаралық қаржы орталығын ресми таныстыру өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қайрат Келімбетов хабарлағандай, іс-шара ЭКСПО Конгресс орталығының ғимаратында өтеді. Салтанатты іс-шараға қатысуға ірі халықаралық компаниялардың, даму институттарының, қаржы ұйымдарының басшылары шақырылған.
Ресми ашылудың қарсаңында АХҚО дамуының стратегиялық бағыттары бойынша пленарлық сессиялар өтеді. Айтулы оқиғалардың қатарында 13-ші дүниежүзілік ислам экономикалық форумын өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, Назарбаев орталығында құқықтық мәселелер бойынша АХҚО-ның алғашқы халықаралық конференциясы өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу