АХҚО-ның қор биржасына ислам бағалы қағаздарын орналастыру жоспарлануда

822

Қаржы министрі еурооблигацияларға қатысты әзірге мұндай жоспардың жоқтығын айтты.

АХҚО-ның қор биржасына ислам бағалы қағаздарын орналастыру жоспарлануда

Қазақстан алдағы екі жылда АХҚО-ның қор биржасына ислам бағалы қағаздарын (сукук) орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Сукукке қатысты осындай жоспарларымыздың бары рас. Биыл немесе келесі жылы АХҚО-ға ислам құнды қағаздарымен шығуды жоспарлаудамыз", – деді министр Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Қаржы министрі еурооблигацияларға қатысты әзірге мұндай жоспардың жоқтығын айтты.

Белгілі болғандай, 2018 жылдың қараша айында Қазақстан  еурооблигацияның әрбірі 525 млн еуро болатын екі траншын орналастырды. 5 жылдық эмиссия бойынша кірістілік жылына 1,55%-ды, ал 10 жылдық эмиссия 2,375%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу