АХҚО шілде айында бағалы қағаздарды шығаруды бастайды

897

АХҚО шілде айында бағалы қағаздарды шығаруды бастайды

"Астана" халықаралық қаржы орталығы 2018 жылы акциялар мен борыштық бағалы қағаздарды шығаруды бастайды. Бұл туралы орталық басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Белгілі болғандай келер жылдың шілде айында аталмыш орталықтың ресми ашылуы болып, алғашқы транзакциялар жүргізеле бастайды. Сондай-ақ, жоспар бойынша қаржылық технологиялар хабы пилоттық жобасы іске қосылады. Жаңа жоба IT-стартаптар бойынша халықаралық технологиялар паркінің негізгі бөлігіне айналмақ. Қайрат Келімбетовтың айтуынша бұл ел нарығына жаңа қаржылық құралдарды енгізуге мүмкіндік береді.

Қайрат Келімбетов, АХҚО басшысы:

"Дубай халықаралық қаржы орталығы, Ұлыбританияның үздік сарапшылары, соның ішінде Англия мен Уэльстің бұрынғы бас судьялары сынды халықаралық серіктестердің қолдауымен Астана қаржы орталығының нормативті құқықтық базасы әзірленіп, 2018 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енеді"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу