АХҚО соты қанша істі қарады

1175

2018 жылғы 1 қаңтарда "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты (АХҚО), Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) жұмысын бастаған. 

АХҚО соты қанша істі қарады

АХҚО соты мен ХТО осы уақытқа дейін 536 іс қараған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның ішінде 15 сот шешімі, 39 төрелік шешім және дауларды медиация жолымен реттеу туралы 482 келісім бар.

2021 жылдың бірінші жартысында АХҚО соты мен ХТО 201 іске нүкте қойған және басқа істерді қарап жатыр.

Биыл халықаралық төрелік орталығы қарайтын істер саны артқан, әрі медиация процедуралары санының тұрақты түрде өскен байқауға болады. Бұл істі төрелікте немесе сот тәртібімен одан әрі қарау қажеттігін азайтқан.

Істерге Қазақстанның 12 өңірінен және Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Үндістан, Канада, Италия, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Әзірбайжан, Польша, Армения және Беларусьты қосқанда, 14 елдің тарапы қатысқан.

Даулар берешектердің төленбеуі және шарттық міндеттемелердің басқа да бұзылулары, қаржы, құрылыс, энергетика, жер және мүлік мәселелері, еңбек қатынастары бойынша коммерциялық және инвестициялық мәселелердің кең ауқымымен байланысты болды. Істерді қарау барысында АХҚО, Қазақстан және Ресей құқығы қолданылған.

Барлық дау eJustice цифрлық платформасы мен АХҚО соты мен ХТО-да бейнетыңдаулар өткізуге арналған технологиялар қолданылып, тез және экономикалық тұрғыдан тиімді түрде шешілді. 

281 заңгерге АХҚО сотында өз клиенттерінің мүддесін қорғауға құқық берілді. Олардың ішінде 27 юрисдикция (25 мемлекет), оның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Еуропа, Орталық Азия, Африка, Азия және Океания заңгерлері бар.

АХҚО соты мен ХТО аппаратының тіркеушісі және басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт сотта барлық дау заң аясында шешілетінін атап өтті.

"Бүгінде осында қаралатын істердің саны басқа жалпы құқық соттары мен халықаралық қаржы орталықтарындағы төрелік орталықтардың көрсеткіштерінен едәуір алда болып тұр. Біз бұл прогресті сақтап, АХҚО соты мен ХТО инвесторлардың құқықтарын ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес көптеген жыл бойы қорғай алуын қамтамасыз ету бойынша жоспарымыз бар", - деді басшы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу