"Астана" Халықаралық қаржы орталығының арбитраждық сотында алғашқы іс қаралуда. Алайда, қандай компаниялар арасында және нендей мәселе қозғалып жатқаны белгісіз. Бұл туралы орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
ТМД аумағындағы тұңғыш енгізілген ағылшын сот жүйесі әділ төрелігін табатынына Қайрат Келімбетов кәміл сенімді. Сондай-ақ, үдеріс аяқталғаннан кейін істің мән-жайы көпшілікке белгілі болады деді.
"Біз жуық арада соттың шешімін жариялайтын шығармыз. Әзірге өзіміз де білмейбіз. Алдымен кейс құрылады. Одан кейін тараптардың позициясы анықталып, сот өз шешімін айтады. Электронды сот енгізілгенін білесіздер. Тіпті Қазақстанда болмай-ақ, шетелде отырып арыздануға болады",– дейді Қайрат Келімбетов.