АХҚО Түркі елдеріне инвестиция тартуы мүмкін

802

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі инвестиция-интеграциялық қорын құру жұмысын жеделдетуді ұсынды.   

  АХҚО Түркі елдеріне инвестиция тартуы мүмкін

Бұл туралы Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Түркі инвестиция-интеграциялық қорын құру жұмысын тездету қажет. Бұл – біздің елдерімізге ортақ алғашқы қаржы институты. Бастаманы барлық мүше мемлекеттер пысықтаған соң оның штаб-пәтерін "Астана" халықаралық қаржы орталығында орналастыруды ұсынамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөз арасына Президент "Астана" халықаралық қаржы орталығы халықаралық беделді қаржы институттарының үздік тәжірибесі мен заманауи мүмкіндіктерін біріктірген бірегей алаң екенін атап өтті.

"Мұнда ислам банкингі және сукук құралдары кеңінен қолданылады. Бұл ұйым Түркі елдеріне кең көлемде инвестиция тартуға жол ашатын ерекше құрылым болмақ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу