АХҚО жанынан шариғат кеңесі ашылады

869

Ол елімізге тартылатын ислам қаржысы мен құралдарын басқару қызметін атқармақ.

АХҚО жанынан шариғат кеңесі ашылады

Бұл туралы халықаралық төрелік орталығы басқарма мүшесі және исламдық қаржы бойынша кеңес мүшесі Шейх Билял-Хан Atameken Business арнасына берген сұхбатында хабарлады.

Кеңес құрамына 7 адам кіреді деп жоспарланған.

Халықаралық деңгейдегі маманның айтуынша, бүгінде әлемдік банктер халықтың қамын ойлаудан қалды, керісінше несиемен матап тастады. Сондықтан олар ең алғашқы негіздеріне қайта оралғаны дұрыс. Ал ислам қаржысы оларды шырғалаңнан шығарудың жолы дейді.

"Бұрын ақша алтын, күміс кезінде шынайы болатын. Ал қазір ол қағаз. Мемлекет пен ұлттық банк бұл "ақша" деген соң ғана оның құндылығы бар. Ал ертең ол дәретхана қағазы болып қалуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттің алтын түрінде қоры болуы тиіс. Ал ислам қаржысы соның баламалы түрі", - дейді Шейх Билял-Хан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу