АХҚО жанындағы сот 5 істі қарады

832

1300 келісімшарт иесі Астана қаржы орталығының төрелігіне жүгінген.

АХҚО жанындағы сот 5 істі қарады

Астана халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық төрелік орталығы жыл басынан бері бес істі қараған. Сонымен қатар, халықаралық төрелік орталығында үш медиация процесі өткен. Бұл үшін тараптардың ешқайсысы ақы төлемеген.

"2019 жылы жүргізілген ақпараттық науқан нәтижесінде АХҚО соты мен халықаралық төрелік орталығының ескертулері 1300-ден астам келісімшартқа енгізілді. Аталмыш келісімшарттар бойынша дау туындаған жағдайда олар АХҚО сотында қаралады. 2019 жылы eJustice электрондық сот жүйесін іске қосты, бұл тараптарға сот ісін қозғауға және процестің барысын онлайн режимінде ақысыз сандық технологияларды пайдалана отырып бақылауға мүмкіндік береді", – делінген Астана қаржы орталығының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

АХҚО базасында 300-ден астам студент пен заңгер ағылшын тілін жалпы құқық бойынша меңгеруге мүмкіндік алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу