Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды

946

Көрнекті ағартушының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында тиісті шешім қабылданды.

Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды

Алматы әкімі Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйін қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Келер жылы көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады", – деп жазды шаһар басшысы өзінің Twitter-дегі паракшасында.

ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы 160 шаршы метр.

Мұражай 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды. Мұнда Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материалдар сақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу