Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті

1706

Парижде "Ахмет Байтұрсынұлы және ренессанстық өркениет" деген тақырыппен халықаралық конференция өтті.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті

Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан 150 жылдық мерейтойы ұйымның штаб пәтері орналасқан Париж қаласында жалғасын тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Конференцияға ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Син Цюй, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Т.І. Ешенқұлов, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы және Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Г.М. Арыстанқұлова, отандық және шетелдік алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар қатысты.

Салтанатты жиынға арналған ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың құттықтау сөзін  ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы және Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Г.М. Арыстанқұлова оқыды.

Мемлекет Басшысы құттықтау сөзінде "Ахмет Байтұрсынұлының "Қазіргі мәдениет әлдебір ұлттың, я нәсілдің жасаған нәрсесі емес, бүкіл адамзаттың бірлесе жұмсаған күші мен дағдыларының нәтижесі" деген сөзі ЮНЕСКО-ның басты қағидаттарымен тығыз астасып жатыр" деп атап өтті. 

Шара аясында Ахмет Батұрсынұлының өмірі мен қызметін сипаттайтын көрме ұйымдастырылып, "Қазақ өркениеті және Ахмет Байтұрсынұлы" атты бейнеролик көрсетілген.

Шараның соңында қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде жазылған "Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары" атты кітаптың тұсаукесері болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу