Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқып берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Ұлт ұстазы атанған Ахаң түбі бір, тарихы тамырлас елдер үшін аса құнды ғылыми-танымдық мұра қалдырды. Сол себепті оны барша түркі жұрты құрмет тұтады. Әзербайжан, башқұрт, өзбек түрік халықтарының белгілі ғалымдары бас қосқан бүгінгі конгресс соның айқын дәлелі", - делінген құттықтау хатта.
Іс-шараға қатысқан Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан мен Ресей ғалымдары баяндама жасады. Қазақстан, Түркия, Өзбекстан ғалымдары ТҮРКСОЙ-дың "Ахмет Байтұрсынұлы" медалімен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ахмет Байтұрсынұлы" ведомстволық төсбелгісімен марапатталды.
Конгресс аясында ұлт ұстазының 12 томдық жинағының, Ахмет Байтұрсынұлының таңдамалы шығармаларының 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) әзірленген кітабының, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының "Орхон ескерткіштерінің толық атласы" 3 томдығының, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадықовтың "Серт", "Ұстаз жолы" кітаптарының тұсаукесері өтті.
Пленарлық отырыс секциялық жұмыстарға ұласты.
Конгресс қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылданды