Сонымен қатар, биылдан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігіне Қожа Ахмет Ясауидің рухани-мәдени мұраларын зерттеу және дәріптеу бағытындағы шараларды іске асыру құзіреті беріліп отыр.
Министр ғылыми-реставрациялық жұмыстарға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылғанын және күн жылынғаннан кейін тиісті жұмыстар басталатынын атап өтті.
"Біздің рухани фундаментіміз Қожа Ахмет Ясауиден басталады. Сондықтан Президентіміз Түркістандағы Құрылтайда арнайы тапсырма берген. Соның аясында Түркістанның статусы туралы заң қабылданды. Тек кесенені қорғау ғана емес, бабамыздың рухани мұрасын дәріптеу, зерттеп, зерделеу мәселесі де арнайы нормамен бекітілді", – деді Ұлттық құрылтай мүшесі Еділ Жаңбыршин.