Ахметов, Сүлейменова, Ұранхаев, Ильин тергеле ме?

418

Әзірге тек 1 бап бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ахметов, Сүлейменова, Ұранхаев, Ильин тергеле ме? Фото: ҚР ТЖМ

Нұрлан Ұранхаев, Юрий Ильин, Зүлфия Сүлейменова және Даниал Ахметов. Бұл - Абай облысындағы орман өртіне байланысты тергеу бойынша жауап алынуы мүмкін лауазымды тұлғалар тізімі. Бүгін Бас прокурордың орынбасары осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, тек бірінші басшылар ғана емес, басқарма басшысы сияқты шенеуніктерден де жауап алынбақ. Қазір олардың бәрі өртпен арпалысып жүргендіктен, әзірге алаңдатпауды жөн санапты.

Бұл қылмыстық іс бойынша ешкімнің іс-әрекеті әлі сараланған жоқ. Тергеудің басталғанына шамалы ғана күн өтті. Сол себепті де сіз айтып отырған лауазым иесі де және басқа да лауазым иелері де қылмыстық іс бойынша статусы жоқ олардың. Олардың іс-әрекеттері әлі дәрежеленген жоқ. - Жандос Өмірәлиев ҚР Бас прокурорының орынбасары

Әзірге тек 1 бап бойынша тергеу жүріп жатыр

Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің "2 немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған өрт талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс барысында осындай қайғылы жағдайға дейін жеткізген, жұмысына жауапсыздық танытқан лауазымды тұлғалар анықталмақ.Прокурорлар ағашты сату үшін орманды қасақана өртеуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұдан бөлек от жағу ережесін сақтамаудан тұтануы мүмкін және табиғи құбылыс салдарынан деген версиялар да қарастылып жатыр екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу