"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Арыс және Түркістан қалаларына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлады қордың коммуникациялар жөніндегі департаменті.
"Самұрық-Қазына" қоры Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, соның ішінде 36 балабақша, 17 орта мектеп, 8 медициналық мекеме және т.б. бар. Сонымен қатар, Түркістан облысында 7000 орындық стадион, Х.А. Яссауи атындағы мұражай, конгресс орталығы және оқушылар Сарайы Сынды 4 нысананың құрылысы жүргізілуде.
Қор Арыс және Түркістан қалаларының нысандарын қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына 42,2 млрд теңге бөлген.
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің іс-сапары барысында мердігерлер басшылары құрылыс жұмыстары уақытылы аяқталатынын жеткізді.