Ахметжан Есімов: Биылғы жылы 153 млрд теңгені үнемдеу жоспарланып отыр

1023

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобы 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді асыра орындағанын хабарлады.  

Ахметжан Есімов: Биылғы жылы 153 млрд теңгені үнемдеу жоспарланып отыр

Сатудан түскен кіріс өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7 %-ды құраған.

"Операциялық пайда (NOPLAT) өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда есептік кезеңде 9,6 %-ға өсті. Осындай таза табыс 39,5 %-ға артып, 1158 млрд теңгені құрады",– делінген хабарламада.

Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қордың "ҚазМұнайГаз" ҰК IPO-ға келесі жылы шығару жоспарын растады.

"Сатып алу жүйесін жетілдірудің арқасында өткен жылы біз 121 млрд теңгені үнемдедік. Биылғы жылы 153 млрд теңгені үнемдеу жоспарланып отыр",– деді ол қоржындық компаниялар басшыларымен өткен кеңесте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу