Ахметжан Есімов екі компанияның басшысын ауыстырды

828

Ахметжан Есімов екі компанияның басшысын ауыстырды

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ және "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС жаңа басшыларын тағайындады, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ-ның қоғаммен байланыс департаменті.

"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасы лауазымына Құрманғалиев Әсет Қабиұлы тағайындалды.

Әсет Құрманғалиев 2017 жылдың қыркүйек айынан ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды және "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ директорлары кеңесінің мүшесі болды. 1998-2017 жылдар аралығында Әсет Құрманғалиев ҚР қорғаныс министрлігінде, Астана әкімдігінде, "Нұр Отан" партиясы орталық аппаратында және ҚР парламенті мәжілісі "Нұр Отан" партиясы фракциясының аппаратында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды.

"Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС бас директоры қызметіне Әбдімомынов Нұржан Құрманбекұлы тағайындалды. Нұржан Әбдімомынов 2010-2018 жылдар аралығында ҚР СІМ шетелдік өкілдіктерінде еңбек етті:  ҚР-ның Португалиядағы уақытша сенімді өкілі, ҚР-ның Гонконгтағы және Макаодағы бас консулы.  2006-2009 жылдар аралығында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.  Нұржан Әбдімомынов Данди университетінің түлегі және қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерін меңгерген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу