Ахметжан Есімов елбасыға есеп берді

744

Ахметжан Есімов жыл аяғына дейін "Қазақтелеком", "Air Astana" және "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы IPO-ға шығарылатынын айтты. 

Ахметжан Есімов елбасыға есеп берді

Кездесу барысында мемлекет басшысына "Самұрық Қазына" акционерлік қоғамының биылғы 7 ай ішіндегі қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Бірінші жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері жақсы. Өзіңіз бекіткен қор стратегиясын жүзеге асыру мақсатымен белгілі бір жұмыстар атқарылып, бірқатар нәтижеге қол жеткізілді. Соның ішінде, холдингті трансформациялау ісі жалғасуда, жекешелендіру аясында 42 миллиард теңге көлеміндегі 18 актив іске асырылды. Осы жылдың аяғына дейін "Қазақтелеком", "Air Astana" және "Қазатомөнеркәсіп" компанияларын IPO-ға шығаруды жоспарлап отырмыз", – деді Ахметжан Есімов.

Нұрсұлтан Назарбаев қордың сатып алу көлемін бәсекелестік ортаға берудің маңыздылығына тоқталып, атқарылған жұмыстардың шағын және орта бизнесті қолдау ісіндегі оң нәтижелерін атап өтті.

Соңында мемлекет басшысы "Самұрық Қазына" акционерлік қоғамы қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу