Ахметжанов: Жемқорлықпен күрестің ескі әдістері қазір мүлде жарамайды

731

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа әдістері енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ахметжанов: Жемқорлықпен күрестің ескі әдістері қазір мүлде жарамайды

"Біз жедел тергеу жұмысының тиімділігін арттыру әдісін өзгерттік. Бұдан бұрын көрсеткіштерді жақсарту үшін жаппай тіркеуге жол берілетін. Тіркелген кез келген факт есепке алынды. Адамдар жаппай қылмыстық орбитада шыр айналып, тергеулер жүріп жататын. Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлыққа қатысты істердің үштен бірі қылмыстық құрамы болмағандықтан тоқтап жатады. 2015-2016 жылдары тірті қылмыстың істердің жартысы солай жабылатын еді", – деді Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылдың 1-жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында.

Оның айтуынша қазіргі уақытта үшкезеңді модельді енгізудің арқасында агенттіктің жұмыстың форматы түбегейлі өзгеріп келеді. 

"Біз жаңа критерийлерді әзірледік. Сыбайлас жемқорлық фактісін анықтау – күдіктінің айыбы прокурормен расталғаннан кейін ғана тіркеледі. Яғни қылмысқа қатысы жоқ адамдарды жаппай іске тіркеудің алдын алады. Сол себепті аумақтық департаменттердің жетекшілеріне ескертемін: жұмысты қайтадан жаңа форматқа көшіру керек. Ескі әдістер мүлде жарамайды. Жедел із кесуші мен тергеуші бір жолда еңбек етуі керек. Олардың мақсаты бір – дәлелді дұрыс жинау мен заңмен іске дұрыс баға беру", – деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу