АИ-80 маркалы бензин енді тек арнайы тапсырыспен өндіріледі

901

АИ-80 маркалы бензин енді тек арнайы тапсырыспен өндіріледі

Елімізде АИ-80 маркалы бензин жаппай қолданыстан алынып, тек арнайы тапсырыспен ғана өндіріледі. Бұл туралы энергетика министрлігінің өкілдері хабарлады.

Олардың айтуынша мұнай зауыттары жаңғыртудан өткеннен кейін мотор майларының сапасы К-4 және К-5 стандарттары негізінде өндіріледі. Ал, АИ-80 маркалы бензин болса бұл жоспарға кірмейді. Қазіргі таңда АИ-80 маркалы бензиннің өндірісі тоқтатылған. Алайда аталмыш маркалы бензиннің белгілі бір бөлігі ғана қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша өндірілуде. Сондықтан, алдағы уақытта жанармай құю бекеттерінде АИ 80 бензині енді мүлдем болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу