АИ-80 маркалы бензинге тыйым салу ұсынылды

490

Жылу және электр станцияларының мазут пен көмірді жағуына да шектеу қойылуы мүмкін.

АИ-80 маркалы бензинге тыйым салу ұсынылды Фото: Pixabay

Өзбекстанда АИ-80 маркалы бензинді пайдалануға тыйым салынбақ. Сондай-ақ көмір мен мазут жағуды шектеу қолға алынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақстан Телеарнасы-на сілтеме жасап.

Экология министрлігі "Еуро-4" стандартынан төмен санаттағы АИ-80 маркалы бензинді қолданыстан алып тастауды ұсынып отыр. 

Қарбалас уақытта жүк көліктерінің қозғалысын азайту шаралары жан жақты қарастырылып жатыр. Көлік жүргізу ережесін "тақ және жұп" күндерге бөлу тәжірибе ретінде енгізілуі мүмкін. Мақсат атмосфераның ластануын тежеу.

Атмосфераны ластайтын көздерді қадағалау үшін арнайы бекеттердің жұмысы жанданып, қоршаған ортаны бақылайтын автоматты станциялар орнатылады. Кептелісті азайту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ташкент қаласы аумағында жүк тасымалдауға арналған салмағы 3,5 және 12 тоннадан асатын ауыр көліктердің жүрісі шектеледі.

Есесіне, электромобильдерге көшкен азаматтар түрлі жеңілдіктерге ие болып, оларға субсидия беру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу