АИ-92 бағасы өседі деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік

72

Ведомствоның дерегінше, АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасы 2025 жылғы 16 қазанда бекітілген деңгейден өзгермеген.  

АИ-92 бағасы өседі деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік Фото: almaty.tv

АИ-92 маркалы бензиннің қымбаттауы туралы тараған ақпаратқа қатысты Энергетика министрлігі жанар-жағармайға қатысты баға мораторийі әлі де күшінде екенін ресми түрде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Министрлік ақпараттық сервистердегі немесе цифрлық карталардағы мәліметтер шекті бағаны қайта қарауға негіз болмайтынын атап өтті. Егер қандай да бір жанармай құю бекетінде белгіленген шектен жоғары баға тіркелсе, әрбір оқиға уәкілетті органдар тарапынан жеке қаралады.

"Энергетика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп бағаның тұрақтылығын үздіксіз бақылап отыр. Нарық субъектілері тарапынан негізсіз өсім анықталған жағдайда заң аясында шаралар қабылданады", – делінген ресми хабарламада.

Министрлік азаматтардан бағаның шекті деңгейден асып кету жағдайлары анықталған кезде келесі Call-орталық нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:
+7 (701) 855-02-48, +7 (7172) 57-44-81.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу