Елордада спортшылары Ботаникалық бақта ағаш отырғызды

1166

 Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған шараға ел намысын байрақты бәсекелерде қорғап жүрген спортшылар қатысты 

Елордада спортшылары Ботаникалық бақта ағаш отырғызды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының спортшылар қауымы Ботаникалық бақта ағаштар отырғызды, деп хабарлайды inbusiness.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы Серік Сапиев, әйелдер арасындағы күрестен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова, таэквандодан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Чилманов, бокстан жастар арасында Олимпиада ойындарының жеңімпазы Айбек Оралбай, бокстан жастар арасында әлем чемпиондары Нұрбек Оралбай, Санжар Ташкенбай, джиу-джитсудан әлем чемпионы Айдар Махметов, аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай және тағы басқа да спортшылар ағаш отырғызып, бас қаламызды көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев спортшыларға алғысын білдіріп, бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.

 

   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу