АИ – 92 бензині 23 тәулікке жетеді

696

Энергетика министрлігі жанар-жағармай қоры туралы хабарлады

АИ – 92 бензині 23 тәулікке жетеді Фото: Ашық дереккөзден

Атырау мұнай өңдеу зауытында авариялық жағдайларды жою және оқшаулау жоспарларының талаптарына сәйкес, объектілер тоқтатылып, технологиялық газ алау қондырғыларына жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Электр энергиясының сөну себептері анықталуда, ақпарат қосымша ұсынылады.

Бұл ретте Шымкент МӨЗ АИ-95 автобензинін шығаруды шектей отырып, жұмысын жалғастыруда.

Қазіргі уақытта елдегі жанар-жағармайдың жиынтық қоры (мұнай базаларында, МӨЗ жолдарында және резервуарларында):

  • АИ – 92 автобензині - 351 мың. тонна, бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті;
  • Аи – 95 - 46 мың тонна (15 тәулік); - дизель отыны - 520 мың тонна (29 тәулік).

"Биылғы ЖЖМ қорлары елдің қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етеді және Шымкент және Павлодар МӨЗ жөндеуден шыққан сәтке дейін жеткілікті. Бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықтан жасанды шу шығармауды сұраймыз", - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу