АИ-95, АИ-98 бензинінің сапасына шағым бар: Министрлік мәселені бақылауға алды

603

Құзырлы орган отын сапасын тексеріп жатыр.  

АИ-95, АИ-98 бензинінің сапасына шағым бар: Министрлік мәселені бақылауға алды Фото: biwork.ru

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазақстандық жүргізушілердің АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасына шағымдануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осыған дейін айтқанымдай, менің орынбасарым Қайырхан Тұтқышбаев Павлодар мұнай өңдеу зауытында жіберілді. Тиісінше сынамалар алынып, зерттеледі. Осылайша мәселенің неден туындағанын айқындайды. Одан кейін біз тиісті нәтижелерін жариялаймыз. Біз бәрін анықтайтын боламыз", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Тілшілер сапасыз бензиннен зардап шеккендерге өтемақы берілуі мүмкін бе деп нақтылады.

"Иә, осындай мәселе бар. Қазір бензиннің сапасын зерттеп жатырмыз. Әрине, осындай бұзушылықтар анықталса, оны заңды түрде талап етуге болады деп санаймын", – деді Энергетика министрі.

Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, біріншіден, бензиннің сапасыз болғаны кімнің қателігінен екенін айқындап алу керек.

"Бұл әлі анықталған жоқ", – деп қысқа қайырды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу