АИ-95 маркалы бензин өндіру тоқтатылды

452

Атырау мұнай зауыты істен шықты  

АИ-95 маркалы бензин өндіру тоқтатылды Фото: Ашық дереккөзден

Шымкентте АИ-95 маркалы бензин тапшылығы болуы мүмкін. Өйткені, шаһардағы мұнай өңдеу зауыты бүгіннен бастап жоғары октанды жанармай өндіруді тоқтатты. Оған зауыттағы жылу алмастырғыш қондырғының  бұзылуы себеп, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақаудың неден болғаны әзірге белгісіз. Белгілісі 15 шілдеге дейін зауыттан АИ-95 маркалы бензин шығарылмайды. Ал, істен шыққан қондырғы Ресейде ғана өндіріледі. Оның құны өте қымбат.  Шамамен 10 миллион доллардай қаржы қажет. Сондықтан бұзылған қондырғының қашан сатып алынатыны және оны ауыстыруға қанша уақыт кететінін ешкім дөп басып айта алмай отыр.

Еске сала кетейік, осыдан екі ай бұрын ғана жоспарлы жөндеуден өткен Шымкент мұнай өңдеу зауыты шілде айында 30 мың тоннадай АИ 95 маркалы сұйық отын өндіреді деген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу