AIBA-ны енді Серік Қонақбаев басқармайды

2978

Өзбекстан өкілі Гафур Рахимов 134 дауыстың 86-ін жинап, 2022 жылға дейін AIBA басқару құқығына ие болды.

AIBA-ны енді Серік Қонақбаев басқармайды

Дауыс беру 3 қарашада Мәскеудегі AIBA конгресінде өтті. Онда Серік Қонақбаев 48 дауысқа ие болса, оның қарсыласы, Өзбекстан өкілі Гафур Рахимов 134 дауыстың 86-ін жинап, 2022 жылға дейін AIBA басқару құқығына ие болды деп хабарлайды olympic.kz.

"Әрине, менің  нәтижеден көңілім қалды, бірақ мен спортты жақтаймын және Олимпиада боксының болашағы үшін, бүкіл әлем бойынша боксшылардың олимпиадалық армандарын жүзеге асыру үшін күресті жалғастыруға уәде беремін", - деді Серік Қонақбаев дауыс беру нәтижелері жарияланғаннан кейін. 

"Мен өз науқанымда айтқандай, бұл боксты құтқаруға көмектесетін реформалардың соңы емес, басы. Біз күресті тоқтатпаймыз. Бірінші кезең аяқталды, енді екінші кезең басталады. Маған қолдау көрсеткендерге, әсіресе қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Біз бірге боксты тағы да ұлы ете аламыз!",- деді Қонақбаев.

Халықаралық Олимпиада комитеті AIBA президентін сайлау қарсаңында Рахимовтың кандидатурасы ұнамайтынын және Өзбекстан өкілі сайланған жағдайда бокс олимпиадалық бағдарламадан шығарылуы мүмкін екенін бірнеше рет түсіндіруге тырысқан. Сонымен қатар, ХОК AIBA – ны қаржыландыруды тоқтатады. кейбір мәліметтер бойынша Халықаралық Олимпиада комитетінен түсетін түсімдер бокс қауымдастығы бюджетінің шамамен 60% - ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу