Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

1443

Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Құжат мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды:

"А.Ғ. Балаеваны Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындау туралы

Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                                                          Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы  4  мамыр

                 № 322"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу