Аида Балаева "Ашық Үкімет" порталын сынға алды

802

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы тікелей эфирде өтті.

Аида Балаева "Ашық Үкімет" порталын сынға алды

"Ашық Үкімет" порталы халық арасында аса танымал емес. Бұл да болса жұрттың ақпаратқа қол жеткізуін шектейтін кемшілік. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осындай сын айтты.

"Өзіміз көріп отырмыз, "Ашық Үкімет" порталының жұмысына халықтың қатысуы  төмен. Оны мойындауымыз қажет. Тек басшылардың блок-платформаларына келіп түскен өтініштердің саны  27-ден 37 мың дейін өскен. Ол да болса, барлық басшыларға қатысты деп айта алмаймыз. Басты себеп неде? Ең алдымен осы порталдардың техникалық кемшіліктері мен заңнамаларының олқылықтары деп білемін. Сондықтан, бұл мәселені жетілдіруіміз керек. Жақсы ұсыныстар түсіп жатыр. Қоғамдық инсттитуттар  да бізбен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын. Сондықтан, бірінші кезекте, біз  өзімізге тікелей байланысты сұрақтарды шешуіміз қажет. Екіншіден, халықтың цифрлық сауаттылығын көтеруге барынша атсалысуымымз керек. Жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдірудің қажеттілігі бар деп санаймын. Оған біздің министрлік өз тарапынан атсалысуға, жалпы жұмыс істеуге дайын", – деді Аида Балаева.

Есжан Ботақара

Фото: egov.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу