Аида Балаева: Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге қуана барамын

173

Министрдің айтуынша, коммерциялық ұйымдардың мұндай іс-шараларды қолға алуы – елдің мәдени өмірін жандандырып қана қоймай, шетелдік туристер үшін де тартымды етеді.

Аида Балаева: Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге қуана барамын Фото: gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда шетелдік жұлдыздардың концерттері жиі ұйымдастырыла бастағанына оң көзқарас танытып, бұл бастамаларды барынша қолдайтынын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

 Шетелдік жұлдыздардың концерттерін бизнес өкілдерінің ұйымдастыра бастағаны мені қатты қуантады. Мемлекет тарапынан мұндай концерттерге тікелей қаражат бөлу қарастырылмаған, дегенмен біз олардың бастамаларын жан-жақты қолдауға дайынбыз. Мәселен, Дженнифер Лопестің концертіне өзім де барғым келеді. Оның талантына бүкіл әлем тәнті, аудиториясы ауқымды. Концертке билет сатып алдым, балаларыммен бірге баруды жоспарлап отырмын,  деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, журналистер Аида Балаеваның сүйікті әртістері туралы да сұрады.

 Мұндай әртістер өте көп. Мысалы, Шакираның өнерін тамашалағым келеді, ал Лара Фабиан  менің сүйікті әншілерімнің бірі. Осындай концерттер елімізде көбірек өтсе екен деймін. Кейбіреулер мұны артық инвестиция деп сынап жатады, бірақ бұл шаралар туризм мен экономикаға мультипликативті әсер береді. Жанкүйерлер елімізге келіп, қонақүйлерде тұрады, мейрамханалар мен мәдени мекемелерге барады, ал бұл өз кезегінде салық түсімін арттырады. Сондықтан мұндай бастамаларды тек қолдау керек,  деді Аида Балаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу