2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
1999-2002 жылдары - Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
2002-2004 жылдары - Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
2004 жылы - Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы.
2004-2005 жылдары - Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2006 жылдары - Алматы қаласынның ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2006-2008 жылдары - Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары - Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010-2014 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019-2020 жылдары - ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020-2022 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022-2023 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.