Аида Балаева "ОҢ-ТВ" телеарнасына ескерту жасады

1950

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева facebook әлеуметтік желісінде жазды.  

Аида Балаева "ОҢ-ТВ" телеарнасына ескерту жасады

"Қазақстандық "ОН-ТВ" телеарнасы ресейлік "Звезда" телеарнасының әскери ғылым мен заманауи техниканың жетістіктерін баяндайтын "Әскери қабылдау" бағдарламасын қазақ тіліне аударып, көрерменге ұсынып отырғаны белгілі. Әрине, бұл қадам мемлекеттік тілді насихаттау ісінде ғана емес, сонымен қатар әскери, техникалық ноу-хауға қызығушылық танытатын жастарды ағарту ісінде де оң қадам деп білемін.

Алайда, өкінішке қарай, осы телевизиялық хабар циклінің соңғы шығарылымы Қазақстан Республикасының ресми ұстанымына қайшы келеді", – деп жазды министр.

Аида Балаеваның айтуынша, Қазақстанның барлық БАҚ, соның ішінде "ОҢ ТВ" телеарнасының басшылығы Қазақстан Республикасының ұстанымдарын теріс түсіндіретін телебағдарламаларды эфирге жібермеуі керек. Сондай-ақ, ол жергілікті атқарушы органдарды өңірлік БАҚ-пен, әсіресе көркем емес және ойын-сауық сипатындағы шетелдік контентті тарататын телеарналармен алдын алу жұмыстарын жандандырды тапсырды.

"Бұл жұмыс ретрансляцияланатын шетелдік контенттің редакциялық саясатын оңтайландыруға бағытталуы тиіс. Мұндай жағдайлар қайталанған жағдайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі редакциялық саясаты елдің имиджіне нұқсан келтіретін БАҚ-қа қатысты шаралар қолдануға мәжбүр болады", – деп жазды Аида Ғалымқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу