Аида Балаева өзінің атынан белгісіз адамдар WhatsApp-қа жіберетін ақпараттар "жалған" екенін хабарлады

526

Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

Аида Балаева өзінің атынан белгісіз адамдар WhatsApp-қа жіберетін ақпараттар "жалған" екенін хабарлады Фото: Nurgul Tapayeva

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгін, 2024 жылғы 16 сәуірде WhatsApp-қа ел азаматтарына өз атынан ақпараттар жіберілуіне байланысты мәлімдеме жасады.

"Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер тұрғындарға менің атымнан хабарламалар жіберуде. Бұл хабарламалар жалған екенін, нөмірлер маған тиесілі емес екенін ресми түрде мәлімдеймін. Жіберілген ақпараттарға сенбеулеріңізді және ешбір жағдайда күдікті сілтемелерді баспауларыңызды сұраймын. Қазір арандатушыларды іздеу жұмыстары жүргізілуде.",-делінген жазбада.

Айта кетейік, бұндай жалған ақпараттарды тарату туралы фактілер, осыған дейін келесі лауазымды тұлғаларда да орын алған.

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі - Олжас Бектенов;
  • Түркістан облысы әкімі - Дархан Сатыбалды;
  • Алматы облысы әкімі - Марат Сұлтанғазиев.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу