Аида Балаева Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді

271

Елімізде қайырымдылық қорлардың жұмысын әлі де күшейту керек.

Аида Балаева Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді Фото: коллаж inbusiness.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еріктілер қозғалысының белсендісі, қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуге пікір айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді", – деп жазды Аида Балаева желідегі парақшасында. 

Министрдің айтуынша, қайырымдылық шаралары алаяқтық пен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады.

"Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын", – дейді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу